jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық теннисші жұптық сында Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Андрей Голубев
    Андрей Голубев. Фото: ktf.kz

    Отандық теннисші Андрей Голубев Германиядағы челленджер жарысының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Хайльбронн қаласындағы турнирдің ширек финалында украиналық Денис Молчановпен бірге франциялық Джонатан Эйссерик – мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен шеберлік байқасты.

    Тартысты өткен ойында 6:4, 7:6 (7:4) есебімен Голубев пен Молчанов жұбы жеңіске жетіп, жартылай финалған шықты.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шыққан еді.

    Ол турнирдің алғашқы айналымында отандасы Денис Евсеевті ұтты.

    Қазақстандық теннисші жұптық сында Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.