jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Путинцеваның қатысуымен Будапеште өткен турнирде күтпеген нәтиже тіркелді

    Юлия Путинцева
    Юлия Путинцева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің келесі айналымына шыға алған жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Отандық теннисші турнирдің екінші кезеңінде әлемдік рейтингте 88-орында тұрған АҚШ өкілі Клэр Льюмен шеберлік байқасты.

    Екі сағат он екі минутқа созылған матчта 6:3, 7:6 есебімен америкалық спортшы жеңіске жетті.

    Енді Клэр Лью жартылай финалға шығу үшін әлемнің 83-ракеткасы, словакиялық Анна-Каролина Шмидловамен ойнайды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 295-орында тұрған Украина өкілі Катерина Володькодан басым түскен еді.

    Путинцеваның қатысуымен Будапеште өткен турнирде күтпеген нәтиже тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.