Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: қазақстандық тағы бір спортшы финалға шықты

Опубликовано:

Владислав Яковлев жарыс кезінде
Ескекші Владислав Яковлев. Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден жарыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда қазақстандық Владислав Яковлев өнер көрсетті. Ол 6,50 ұпаймен екінші орынға ие болып, А финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшылардың бессайыс жарысының финалына өткенін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде Жапонияға есе жіберді.

Кейін бас бапкер Борис Гребенников ұлттық құрама жеңілісінің себебін түсіндірді.

Еске сала кетейік, Қытайда Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысады.

Олардың алғашқы легі Ханчжоуға ұшып, олимпиадалық қалашықта орналасты.

Күні кеше олимпиадалық қалашықты ту көтеру рәсімінде Қазақстан Республикасының туы көтерілді.

Азия ойындарына үстел теннисінен барған Сарвиноз Миркадирова олимпиадалық қалашыққа қатысты пікір білдіріп, өз әсерін бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037744-aziada-2023-qazaqstandyq-tagy-bir-sportsy-finalga-syqty/

pixel