jitsu gif
Спорт

    Абиба Әбужақынова: Париж төрінде бұл қарсыласымнан есе қайтаруға барымды салам

    Абиба Әбужақынова марапаттау рәсімі кезінде
    Абиба Әбужақынова марапаттау рәсімі кезінде Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Кеше Азия ойындарының финалында өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанған Абиба Әбужақынова жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты. Бұл отандық спортшының жарақаттан кейінгі алғышқы медалі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Абиба Әбужақынова жапониялық спортшымен финалда кездесетінін білген. Дзюдошы бұл жекпе-жекке жақсы дайындалғанымен, алтын медальді ала алмады.

    Дегенмен отандасымыз алдағы Париж олимпиадасында бұл қарсыласынан есе қайтару үшін барын салатынын айтты.

    "Негізі бұл қарсыласыммен әлем чемпионатының ширек финалында кездескен болатынмын. Дайындалдым. Осы қарсыласыммен финалда кездесетінімді білдім, сездім. Себебі бүкіл қарсыластарыма дайын келгем. Жарақаттан кейінгі бірінші медалім. Өте қуаныштымын. Ары қарай жұмыс жасап, алтынға ұмтылуға әрекет жасаймыз. Бұл қарсыласымды білемін. Онымен күрескем. Бұйыртса Париж төрінде бұл қарсыласымнан есе қайтаруға барымды салам. Қазақстандық жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Маған барлық жерден жазып, өз қолдауын білдіріп жатыр. Қазақстанның көк туын көтеруге бар күш-жігерімді саламын.

    Еске сала кетейік, Абиба Әбужақынова Азия ойындарының финалына шығып, күміс жүлдеге ие болған еді. Ол ақтық сында жапониялық Цунода Нацумиге есе жіберді.

    Айта кетейік, бұған дейін Азия ойындарының қола жүлдегері атанған Мағжан Шамшадин жекпе-жектен кейін өз әсерін бөліскен болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.