Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындары: Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды

Опубликовано:

Әсем Орынбай Азия ойындарында
Әсем Орынбай Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық мерген Әсем Орынбай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыз стенд атудан ел намысын қорғап, Азия ойындарының қола жүлдесін ұтып алды.

Айта кетейік, Әсем Орынбай стенд атудан skeet бағдарламасы бойынша командалық жарыста Зоя Кравченко мен Ольга Панаринамен бірге бірінші орын алып, Азия ойындарының алтын медалін иеленді. Бұл Қазақстан құрамасының алғашқы алтыны болды.

Оған қоса ел қоржынында екі күміс, алты қола жүлде бар.

Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін салды.

Жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанса, қазақстандық мергендер Асадбек Назиркулов, Бахтияр Ибраев және Андрей Худяков күміс жүлдеге ие болды.

Кеше, 26 қыркүйекте Эльмир Әлімжанов шпагамен семсерлесуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038362-aziya-oiyndary-asem-orynbai-qola-zuldege-ie-boldy/

pixel