jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    Азия ойындары-2023: Тұрсын Аян қола жүлдегер атанды

    Тұрсын Аян ушу
    Тұрсын Аян. Фото: Сали Сабиров

    Қытайда өтіп жатқан Ханчжоу - 2023 Азия ойындарында Тұрсын Аян у-шудан қола жүлдегер атанды. 52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз жарыс қожайыны Юэяо Лиге есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қытайдың ұлттық спорты - у-шудың саньда түрі Азия ойындарының бағдарламасында 1998 жылдан (ерлер) бар. Әйелдердің бәсекесі 2010 жылы қосылды. Әйелдер екі салмақ (52, 60), ерлер бес салмақта (56, 60, 65, 70, 75) жүлделерді сарапқа салады.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін Әділбек Мусин жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алған болатын. Қазақстандық спортшы жүзуден Азия ойындарының екінші қоласын иеленіп отыр. Бұған дейін ол Индонезияда өткен Азиадада командалық эстафетадан жүлде алған.

    Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Ханчжоудағы Азия ойындарында алғашқы алтын қоржынға түсті. Стенд атудан Қазақстан командасы ел әнұранын шырқатып, спортшыларымызға жол ашқан болатын.

    Азия ойындары-2023: Тұрсын Аян қола жүлдегер атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.