Қазақстан спортшы Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты – 1:52:25.
Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды. Сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға (1:51:49) бұйырды.
Айта кетейік, Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан намысын 500-ден астам спортшы қорғап жатыр.
Бүгінде ел қоржынында 20 медаль бар. Отандастарымыз үш алтын, екі күміс, 15 қола жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038721-ayan-beisenbaev-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldegeri-atandy/