Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каноэде есуден алтын жүлдеге ие болған Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жеңістен кейін өз әсерін бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық спортшылар алтын медаль алғаннан кейін қандай сезімде екенін айтып, алдағы жарыстарға жоспарларын бөлісті.
"Эмоция деген керемет. Бұған дейін екі Азия ойындарында мен күміс жүлделерді ғана алдым. Бұл үшінші Азия ойындары мен үшін сәтті басталды. Алғашқы дистанцияда алтын алдым. Ертең Тимофеймен 1000 шақырымда бақ сынап, барымызды саламыз. Жеңіс болады деп үміттенемін. Көңіл-күй өте керемет. Мәреге бірінші болып жету ерекше сезім екен. Қазақстанға алтын медаль әкелгенімізге қуаныштымыз. Тағы қайталаймыз деген ойдамын. Бәрі біз ойлағандай өтті. Біз өз жұмысымызды атқардық. Нәтижесінде қашықтықты сенімді түрде игеріп, бірінші келдік", - деді Сергей Емельянов.
Тимур Хайдаров жарысқа деген жоспар толығымен іске асқанын жеткізді.
Айта кетейік, отандық спортшылар Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039065-oz-zumysymyzdy-atqardyq-kanoede-esuden-altyn-algan-otandyq-sportsylar-zenisten-keiin-oz-aserin-bolisti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.