Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтынға ниеттендік": байдарка есуден алтын иеленген спортшылар жарысқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова жарыста
Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова жарыста Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Қазақстан атынан байдарка есуден бақ сынап, күміс жүлдені жеңіп алған Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова жарысқа қатысты пікір білдірді. Қазақстандық спортшылар алтын алуды жоспарлағандарын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандастырымыз соңына дейін тартысты бәсеке болғанын айтады. Олар жарыс соңына дейін барын салса да, қытайлық спортшылар мәре сызығына бірінші болып жетіп алды.

"Біз алтынға ниеттенген едік. Алтын аламыз деп ойладық. Бірақ, бұл спорт. Барымызды салдық. Бапкерлер соңына дейін күрессін деді. Басында озып, соңына дейін қарсыластарды жібермеуімізді талап етті. Біз қалай бастасақ, сол қарқынмен мәреге де жеттік. Соңына дейін тартысты жарыс болды. Дегенмен қарсыластарымыз мықтырақ болып шықты", - деді Шмелева.

Айта кетейік, байдарка жарысында (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Қазақстан құрамасы екінші орын алды. Отандық спортшылар Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева күміс медальді қоржынға салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039071-altynga-niettendik-baidarka-esuden-altyn-ielengen-sportsylar-zarysqa-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel