Қазақстандық атлет Аделина Земс 400 метр қашықтыққа жүгіруден Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Отандық спортшы 400 метр қашықтыққа кедергімен жүгіру сайысында Аделина Земс 57.16 секунд нәтижесімен өз тобында 3-орын алып, финалға шықты.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы ел қоржынына Азия ойындарының төртінші алтынын салды. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.
Оған қоса, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.
Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізсе, байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орынды алды.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 36-ға жетті. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс, 24-і қола.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039111-adelina-zems-400-metrge-zugiruden-aziya-oiyndarynyn-finalyna-syqty/