jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Азия ойындарына алғаш рет қатысқан Виктория Бутолина қола медаль жеңіп алды

    Виктория Бутолина Азия ойындарында
    Виктория Бутолина Азия ойындарында Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Батуттағы гимнастикадан ел намысын қорғаған қазақстандық спортшы Виктория Бутолина Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Батуттағы гимнастика бәсекесінің финалында Виктория 52.600 ұпай жинап, Қытай құрамасының спортшылары Сюэин Чжу (алтын) мен Ичэнг Худан (күміс) қалып кетті.

    Айта кетейік, 18 жастағы Виктория Бутолина үшін алғашқы Азиада. Ал Сюэин Чжу осы бағдарламада Токио Олимпиадасының чемпионы.

    Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы ел қоржынына Азия ойындарының төртінші алтынын салды. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

    Оған қоса, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.

    Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізсе, байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орынды алды.

    Қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 36-ға жетті. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс, 24-і қола.

    Азия ойындарына алғаш рет қатысқан Виктория Бутолина қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.