Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында есе жіберді

Опубликовано:

Баскетбол
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанның баскетбол құрамасы жеңіліс тапты. Отандастарымыз Тайбэй командасына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлер арасындағы жарыстың 1/8 финалында қазақстандықтар Тайбэй құрамасымен кездесті. Алайда отандастарымыз бұл матчте жеңіске жете алмады. Кездесу 62:83 есебімен қарсыластардың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы ел қоржынына Азия ойындарының төртінші алтынын салды. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Оған қоса, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.

Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізсе, байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орынды алды.

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 35-ке жетті. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс, 23-і қола.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039105-basketboldan-qazaqstan-quramasy-aziya-oiyndarynda-ese-ziberdi/

pixel