Ханчжоудағы Азия ойындарында ел намысын қорғаған волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жапониялық қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан мен Жапония құрамалары Азия ойындарының топтық кезеңі аясында кездесті. Отандастарымыз бұл матчте жеңіліс тапты. Жапониялықтар қазақстандық волейболшыларды айқын басымдықпен ( 17:25, 20:25, 13:25 ) ұтып кетті.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы ел қоржынына Азия ойындарының төртінші алтынын салды. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.
Оған қоса, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.
Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізсе, байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орынды алды.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 36-ға жетті. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс, 24-і қола.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039135-qazaqstandyq-voleibolsylar-aziya-oiyndarynda-zenilis-tapty/