jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарында жеңіліс тапты

    Қазақстан волейбол құрамасы Азия ойындарында
    Қазақстан волейбол құрамасы Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Ханчжоудағы Азия ойындарында ел намысын қорғаған волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жапониялық қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан мен Жапония құрамалары Азия ойындарының топтық кезеңі аясында кездесті. Отандастарымыз бұл матчте жеңіліс тапты. Жапониялықтар қазақстандық волейболшыларды айқын басымдықпен ( 17:25, 20:25, 13:25 ) ұтып кетті.

    Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы ел қоржынына Азия ойындарының төртінші алтынын салды. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

    Оған қоса, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.

    Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізсе, байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орынды алды.

    Қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 36-ға жетті. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс, 24-і қола.

    Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарында жеңіліс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.