Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грек-рим күресі: қазақстандық балуандар Азия ойындарын жеңіспен бастады

Опубликовано:

Айдос Сұлтанғали Азия ойындарында
Айдос Сұлтанғали Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр. Бүгін қазақстандық балуандар грек-рим күресінен ел намысын қорғауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандастарымыз Азия ойындарын сәтті бастады.

77 келі салмақ дәрежесінде белдескен Азат Садықов тайландтық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп (8:0), келесі кезеңге жолдама алды.

Ал 60 келі салмақта ел намысын Айдос Сұлтанғали қорғады. Ол тайпей балуанын тізе бүктірді. Кездесу 11:1 есебімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Сондай-ақ отандық балуан Мейіржан Шермаханбет 67 келі салмақ дәрежесінде ширек финалда қытайлық қарсыласын жеңіп, Азия ойындарының жартылай финалына өтті.

Айта кетейік, кеше Азия ойындарында Қазақстан қоржыны бірқатар жүлделермен толықты.

Алдымен тас жолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанса, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Мария Бровкова да ел қоржынына медаль салды. Ол 200 м қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Әйелдер арасында каноэде есуден жұптық сында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

Оған қоса тасжолдағы веложарыста сынға түскен ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Луценко топ жарып, Азиаданың алтын жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2039430-grek-rim-kuresi-qazaqstandyq-baluandar-aziya-oiyndarynyn-zartylai-finalyna-otti/

pixel