jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Надежда Дубовицкая Азиаданың қола жүлдесін иеленді

    Надежда Дубовицкая
    Надежда Дубовицкая. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық спортшы Надежда Дубовицкая әйелдер арасында жеңіл атлетикадан сында үшінші болып, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық жеңіл атлет 1.86 метр биіктікті бағындырып, Азиаданың қола жүлдесін еншіледі

    Финалдық сында өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Кристина Овчинникова 1.83 метрді бағындырып, жарысты төртінші орынмен аяқтады7

    Айта кетейік, 3 қазан Қазақстан қоржынына бірнеше жүлде салынды.

    Алдымен тас жолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанса, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.

    Сондай-ақ Мария Бровкова да ел қоржынына медаль салды. Ол 200 м қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

    Әйелдер арасында каноэде есуден жұптық сында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

    Оған қоса тасжолдағы веложарыста сынға түскен ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Луценко топ жарып, Азиаданың алтын жүлдегері атанды.

    Надежда Дубовицкая Азиаданың қола жүлдесін иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.