jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Азиада-2023: Отандық велошабандоздар топтық жарыста жүлдесіз қалды

    Махаббат Үмітжанова мен Рината Сұлтанова Азия ойындарында
    Махаббат Үмітжанова мен Рината Сұлтанова Азия ойындарында Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында велоспорттан топтық жарыс өтті. Бұл сайыста қазақстандық велошабандоздар жүлдесіз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әйелдер арасынағы топтық жарыста ұлттық құрама спортшысы Рината Сұлтанова мәреге 17-ші (3:36:07 секунд), ал Махаббат Үмітжанова 18-ші (3:36:07 секунд) болып келді.

    Мәреге 20 велошабандоз бірдей жетіп, жүлдегерлер фотофиништің көмегімен анықталды. Ян Цяньюй Гонконгқа алтын сыйласа (3:36:07), тас жолдағы велоспорттан Азиаданың 3 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы, басты фаворит На А Рым (Оңтүстік Корея) күміс, Ютатип Манипхан (Таиланд) қола жүлдегер атанды.

    Финалда барлығы 28 атлет 139,7 шақырымды жүріп өтті.

    Айта кетейік, кеше Рината Сұлтанова жекелей сында 3-орын алған. Осылайша, ол сары құрлық ойындарында тас жолдағы жарыста әйелдер арасында жүлде алған тұңғыш қазақстандық атанған.

    Азиада-2023: Отандық велошабандоздар топтық жарыста жүлдесіз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.