Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лаура Әліқұл Азиаданың финалына жолдаманы жеңіп алды

Опубликовано:

Лаура Әліқұл Азия ойындарында
Лаура Әліқұл Азия ойындарында Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық каратэші Лаура Әліқұл әйелдер арасындағы жарыстың жартылай финалында индонезиялық қарсыласын тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Каратэден 68 келідегі Лаура Әліқұл 1/4 финалда екі дүркін Азия чемпионы Хуонг Зи Динхты (Въетнам) 7:4 есебімен ұтса, жартылай финалда тағы бір Азия жеңімпазы Сейко Георгжи Зефаниядан (Индонезия) 5:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

Бүгін Азия ойындарында ел намысын қорғап жатқан тағы екі спортшы финалға жолдама алды.

Нұржан Батырбеков Азия ойындарының жартылай финалында джиу-джитсудан 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері кореялық Чо Сон-хенді сабмишн әдісімен жеңіп, финалға шықты. Ақтық сында ол Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысымен кездеседі.

Сондай-ақ каратэден Қазақстан атынан шыққан Нұрқанат Әжіқанов жартылай финалда малайзиялық қарсыласынан басым түсіп, финалға өтті.

Қазір Қазақастан қоржынында 6 алтын, 12 күміс пен 35 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039694-laura-aliqul-aziadanyn-finalyna-zoldamany-zenip-aldy/

pixel