Джиу-джитсудан ел намысын қорғаған Нұржан Батырбеков финалдық сайыста екі дүркін Азия чемпионын жеңіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Джиу-джитсудан 69 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері, 21 жастағы Нұржан Батырбеков финалдық сайыста 2 дүркін Азия чемпионы Мохамед Алсувайдиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті тартып алды.
Қазақстандық спортшының жарыс жолындағы қарсыластары:
- 1/8 финал. Осама Хаммам Кандил 9:0
- 1/4 финал. Рамшед Абдуллоев 7:0
- 1/2 финал. Сеонгхуеон Жу 50:2
- Финал. Мохамед Алсувайди 4:2
Айта кетейік, джиу-джитсудан 5 қазан күні ел қоржынына тағы екі медаль салынды.
62 келіде әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Мансұр Хабибулла қола үшін өткен бәсекеде филиппиндік Марк Александер Лимді (Филиппин) 6:2 есебімен ұтты.
Сондай-ақ, 69 келі салмақта белдескен Алдияр Серік сингапурлық қарсыласын ұпай санымен жеңіп, Азия ойындарының қоласын жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039713-nurzan-batyrbekov-aziya-oiyndarynyn-cempiony-atandy/