jitsu gif
Спорт

    Нұржан Батырбеков Азия ойындарының жеңімпазы атанды

    Нұржан Батырбеков Азия ойындарында
    Нұржан Батырбеков Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Джиу-джитсудан ел намысын қорғаған Нұржан Батырбеков финалдық сайыста екі дүркін Азия чемпионын жеңіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Джиу-джитсудан 69 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері, 21 жастағы Нұржан Батырбеков финалдық сайыста 2 дүркін Азия чемпионы Мохамед Алсувайдиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті тартып алды.

    Қазақстандық спортшының жарыс жолындағы қарсыластары:

    • 1/8 финал. Осама Хаммам Кандил 9:0
    • 1/4 финал. Рамшед Абдуллоев 7:0
    • 1/2 финал. Сеонгхуеон Жу 50:2
    • Финал. Мохамед Алсувайди 4:2

    Айта кетейік, джиу-джитсудан 5 қазан күні ел қоржынына тағы екі медаль салынды.

    62 келіде әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Мансұр Хабибулла қола үшін өткен бәсекеде филиппиндік Марк Александер Лимді (Филиппин) 6:2 есебімен ұтты.

    Сондай-ақ, 69 келі салмақта белдескен Алдияр Серік сингапурлық қарсыласын ұпай санымен жеңіп, Азия ойындарының қоласын жеңіп алды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.