Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындары: Кузнецова мен Шалыгина қола жүлде үшін күреседі

Опубликовано:

Ирина Кузнецова жарыста
Ирина Кузнецова жарыста Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әйелдер күресінен ел намысын қорғап жатқан Ирина Кузнецова мен Елена Шалыгина Азия ойындарының қола жүлдесіне таласады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азия ойындарында 62 келі салмақта бақ сынап жатқан әлем чемпионатының қатысушысы Ирина Кузнецова үшінші орын үшін күреседі.

22 жастағы спортшы 1/8 финалда Церенчимед Сухиді 6:4, 1/4 финалда Хсин Пинг Пайды (Тайпей) 12:0 ұтып, жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы Нонока Одзакиге 0:8 есебімен жеңіліп қалды.

Ұзақ жылдардан кейін қайта үлкен спортқа оралған 36 жастағы Елена Шалыгина да Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласады. Ол Азиаданың үш мәрте жүлдегері Делгермаа Енхсайханмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Жәмилә Бақбергенованың Азия ойындарының финалына шыққаны белгілі болды. Балуан финалда Айпері Медетқызы (Қырғызстан) немесе Хуей Чангпен (Тайбэй) күреседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039856-aziya-oiyndary-kuznecova-men-salygina-qola-zulde-usin-kuresedi/

pixel