Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғызыншы алтын: Қайсар Алпысбай Азия ойындарының жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Қайсар Алпысбай жарыста
Қайсар Алпысбай жарыста Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Каратэден Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғаған Қайсар Алпысбай құрлықтық доданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық спортшы финалда екі дүркін Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанды жеңіп, Азиаданың алтынына ие болды. Аса тарытсты жекпе-жек 7-5 есебімен аяқталды.

Бүгін Қазақстан қоржыны бір алтын, бір күміс және үш қола медальмен толықты.

Джиу-джитсудан финалда бақ сынаған Галина Дуванова филиппиндік Анние Рамирезге есе жіберіп, Азиаданың күміс жүлдесіне ие болды.

Ерлер арасында слаломда ескек есуден Александар Куликов қола жүлдені еншілесе, әйелдер арасындағы сында Екатерина Таранцева үшінші болды.

Каратэден әйелдер арасындағы сында Әсел Қанай жұбаныш белдесуден ирандық қарсыласын жеңіп, Азиаданың қоласын еншіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 66 медаль бар. Тоғыз алтын, 16 күміс пен 41 қола.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039894-qaisar-alpysbai-aziya-oiyndarynyn-zenimpazy-atandy/

pixel