Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәмилә Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

Опубликовано:

Жәмилә Бақбергенова
Жәмилә Бақбергенова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әйелдер күресінен бақ сынаған қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Спортшы финалда Қырғызстан өкіліне есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

76 келі салмақта бақ сынаған Жәмилә Бақбергенова финалда қырғызстандық Айпері Медетқызына жол беріп қойды.

Бүгін Қазақстан қоржыны бір алтын, екі күміс және үш қола медальмен толықты.

Каратэден ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай финалда кувейттік қарсыласынан басым түсіп, Қазақстанға алтын медаль сыйлады.

Джиу-джитсудан финалда бақ сынаған Галина Дуванова филиппиндік Анние Рамирезге есе жіберіп, Азиаданың күміс жүлдесіне ие болды.

Ерлер арасында слаломда ескек есуден Александар Куликов қола жүлдені еншілесе, әйелдер арасындағы сында Екатерина Таранцева үшінші болды.

Каратэден әйелдер арасындағы сында Әсел Қанай жұбаныш белдесуден ирандық қарсыласын жеңіп, Азиаданың қоласын еншіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 67 медаль бар. Тоғыз алтын, 17 күміс пен 41 қола.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039908-zamila-baqbergenova-aziya-oiyndarynyn-kumis-zuldesin-zenip-aldy/

pixel