jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирде жеңіске жетті

    Дмитрий Попко
    Дмитрий Попко. Фото: olympic.kz

    Теннистен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Попко Антальяда өткен ITF M15 категориясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық спортшы шешуші матчта Макс Алькала-Гурриге қарсы ойнады. Ойын екі сеттік түрде өтіп, нәтижесінде Дмитрий Попко 6:4 және 7:5 есебімен жеңді.

    Гурри 21 жасында ITF сериясының үш титулын жеңіп алды, біреуі жалғыз, екеуі жұптық ойын барысында. Ал Попконың мансабында 27 жасқа дейін осы серияның 27 атағы бар. Сонымен қатар, Попко екі рет "Челленджер" сериясында да жеңіске жетті. Бірақ оның қарсыласында мұндай титул жоқ. Дмитрий жетістіктерімен ерекшеленіп тұрса да, ойында өзінің мықты екенін тағы бір дәлелдеп шықты.

    Дмитрий допты ойынға қосу барысында бірнеше рет қателесті. Десе де бұл оның жеңіске жетуіне кедергі болмады.

    2023 жылы Дмитрий Попко ITF бөлімі бойынша үшінші рет жеңіске жетіп отыр. ATP рейтингінде теннисші 455-орынға жайғасты, ал жұптық сында 800-орында.

    Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирде жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.