Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыл қорытындысы: Қазақстандағы ең бай топ-5 спортшы кім

Опубликовано:

Футбол добы және ақша
Футбол добы және ақша. Көрнекі фото: getty images / Jose A.Bernat Bacete

Қазақстандық спортшылар 2023 жылы биік белестерді бағындырып қана қоймай, жақсы гонорармен де ерекшеленді. KAZ.NUR.KZ осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең бай топ-5 спортшыны назарларыңызға ұсынады.

Бірінші орын – Елена Рыбакина (теннис)

Теннисші Елена Рыбакина
Теннисші Елена Рыбакина. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Кәсіпқой теннис басқа спорт түрлеріне қарағанда ең жүлделі спорт болып есептеледі. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина осы маусымда 5 жарым миллион АҚШ долларынан (2,5 млрд теңге) астам табыс тауып, осы маусымның қорытындысы бойынша гонорары көп әлемнің топ-5 теннисшілер қатарына енді. Елена австралиялық және америкалық турнирлердің финалына шыққаннан кейін ең үлкен гонорарын алды.

Екінші орын – Александр Бублик (теннис)

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: JASPER JACOBS / Getty Images

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик маусым қорытындысы бойынша 1,57 млн доллар (712 млн теңге) табыс тапқан. Оның рекорды 24 жеңіс, 28 жеңіліс. Бублик ең көп қаражатты Галледен (446 мың АҚШ доллары) және англиялық Уимблдоннан (262 мың АҚШ доллары) тапқан.

Үшінші орын – Бахтияр Зайнутдинов (футбол)

Бахтияр Зайнутдинов
Бахтияр Зайнутдинов. Фото: ANP via Getty Images

Ең көп табыс табатын спортшылардың тізімінде футболшының болмауы мүмкін емес шығар. Бахтияр Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасының ең көп жалақы алатын футболшысы ретінде үшінші орынға жайғасты. Зайнутдинов бұл жылды мәскеулік "ЦСКА" құрамасынан 1,7 млн евро жалақымен бастап, түркиялық "Бешикташ" командасына ауысты. "Бешикташтағы" жалақысы жылына 1,2 млн еуроны құрады. Нәтижесінде, Бахтиярдың жылдық табысы шамамен 1,420 млн АҚШ доллар (644 млн тенге).

Төртінші орын – Жәнібек Әлімханұлы (кәсіпқой бокс)

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

"Top Rank" промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. WBO global, WBC continental Americas чемпиондық белбеуінің иегері. WBO тұжырымының рейтингінде әлем бойынша топ-15 боксшының тізімінде. Кәсіпқой бокста “Qazaq style” стилінің негізін қалаушы. Жәнібек осы жылы екі жекпе-жек өткізді: Стивен Батлерге қарсы WBO белбеуін қорғау және Винченцо Гуальтериге қарсы жекпе-жек. Егер екі жекпе-жектің ақысын есептесек, бұл шамамен 700-750 мың доллар (340 млн теңге). Бірақ кәсіби бокс жағдайында бұл сандар дәл емес, өйткені соңғы жекпе-жектегі қазақстандықтың ақысы одан да көп болуы мүмкін, өйткені есептеулерде ақылы трансляциялар бойынша алымдар ескерілмеген.

Бесінші орын – Шавкат Рахмонов (ММА)

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

Аралас жекпе-жек шебері, ең танымал файтер 2023 жылы Джефф Нилге және Стивен Томпсонға қарсы екі кездесу өткізген еді. Шавкаттың екі жекпе-жектен алған қаржысы шашамен 556 мың доллар АҚШ долларын құрайды. Бұл UFC промушенінің 50 мың доллар бонусын қосқанда. Алайда Рахмонов Стивен Томпсонмен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында айтылған ақпаратты жоққа шығарып, оданда көп табыс тапқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2053142-zyl-qorytyndysy-qazaqstandagy-en-bai-top-5-sportsy-kim/

pixel