jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Неміс теннисшісі енді Қазақстан намысын қорғайды

    Соня Жиенбаева
    Соня Жиенбаева. Фото: instagram.com/sonya.zhy

    Кәсіби теннисші Соня Жиенбаева осыған дейін халықаралық турнирлерде Германия атынан шықса, енді Қазақстан намысын қорғайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әйелдер теннис ассоциациясына (WTA) сілтеме жасап хабарлайды.

    17 жасар Жиенбаева 2024 жылдың басынан бастап Қазақстанды халықаралық аренада таныстырады. Бұрын теннисші балалық шағы өткен Германия үшін өнер көрсетті. Қазақстан теннис федерациясы өкілдерінің айтуынша, Жиенбаева 2006 жылы 2 шілдеде Алматыда туған.

    Оның анасы қазақ, ал әкесі неміс ұлтының өкілі. Германияға бала кезінен көшіп келген екен. Десе де халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғауды көп армандаған екен.

    Жиенбаева 2022 жылдың қорытындысы бойынша ITF рейтингінде топ-30 әлемнің жас теннисшілер қатарына кірді. Ал ITF турнирлерінде Соня титулдық алты жеңіске жетті. 2023 жылы ол Australian Open турнирінің үшінші айналымына дейін жеткен болатын.

    Неміс теннисшісі енді Қазақстан намысын қорғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.