jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Теннисші Юлия Путинцева Аустралиядағы турнирде жеңіліс тапты

    Юлия Путинцева
    Юлия Путинцева. Фото: THOMAS SAMSON/AFP via Getty Images

    Әйелдер арасында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева "Үлкен дулыға" турнирінің жекелей сынында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    WTA рейтингінде 64-орындағы қазақстандық теннисшінің қарсыласы осы рейтингтің 190-орнындағы ресейлік Анастасия Захарова болды. Бұл спортшылар үшін екінші кездесу. Ал 2023 жылдың ақпанында өткен бірінші ойында Юлия Путинцева жеңген еді.

    Путинцева бірінші сетте 6:2 есебімен жеңсе, екінші сетте 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Ал соңғы шешуші сет Захарованың жеңісімен аяқталды. Осылайша қазақстандық теннисші "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші айналымынан-ақ жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

    Еске салайық, ертең турнирде әлемнің үшінші ракеткасы, Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина өнер көрсетеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады.

    Теннисші Юлия Путинцева Аустралиядағы турнирде жеңіліс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.