jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Аustralian Open турнирінде ракеткасын сындырып тастады (фото)

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик
    Қазақстандық теннисші Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп жатқанына ашуланып, ракеткасын сындырып тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің алғашқы айналымында Үндістан өкілі Сумит Нагалмен кездесті. Бірінші сетте Бублик 6:4 есебімен жеңілді, екінші сетте де қарсыласына есе жіберді. Жеңіліп жатқанына ашуланған теннисші ракеткасын сындырып тастады және оны трибунада отырған жанкүйерлердің біріне бере салды.

    Кездесу 6:4, 6:2, 7:6 есебімен аяқталып, үндістандық теннисшінің пайдасына шешілді.

    Осыған дейін Александр Бублик Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмағанын жазғанбыз. Ол жартылай финалда әлемдік рейтингте 62-орында тұрған Ұлыбритания өкілі Джек Дрейперге қарсы ойнап, 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

    Қазақстандық теннисші Аustralian Open турнирінде ракеткасын сындырып тастады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.