jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын жоғалтып алды

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте екі сатыға төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) live-рейтингіне сілтеме жасап хабарлайды

    Аталмыш рейтингте польшалық теннисші Ига Швёнтек көш бастап тұр (9710 ұпай). Екінші орынға Беларусь өкілі Арина Соболенко (6975 ұпай) жайғасса, үздік үштікті америкалық теннисші Коко Гофф (6550 ұпай) түйіндеді. Ал Елена Рыбакина рейтингтегі бұрынғы орнынан екі сатыға төмендеп, 5-орынға табан тіреді (5688 ұпай).

    Айта кетейік, Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады. Ол жарыстың бірінші айналымында чехиялық теннисші, әлемнің 38-ракеткасы Каролина Плишковадан басым түсті. Енді қазақстандық теннисші Ресей өкілі Анна Блинковаға қарсы ойнайды.

    Еске салайық, жыл басында Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын ұтып, Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанған еді.

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын жоғалтып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.