jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Бас жүлде 2 миллион теңге: Ұлттық спорт қауымдастығы байқау жариялады

    Теңге ілу
    Теңге ілу. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан жазушылар одағы мен Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен қаламгерлер байқауы өтеді. "Құлагер" республикалық әдеби байқауында бірнеше номинация бойынша мықтылар анықталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық спорт қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – ұлттық спортты насихаттау, қаламгерлерді ұлттық спорт туралы жазуға ынталандыру және шығармалар арқылы жас ұрпақтың қызығушылығын ояту.

    Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және автордың жасына шектеу қойылмайды.

    Туындылар бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, тек байқау өтетін аралықта ғана жазылған болуы керек.

    Шығармалар Ұлттық спорт қауымдастығына ресми түрде кіретін теңге ілу, бәйге, жамбы ату, аударыспақ, көкпар, тоғызқұмалақ, құсбегілік, садақ ату, асық ату, жорық спорт түрлері бойынша жазылуы тиіс.

    Байқау номинациялары:

    • Үздік поэзия;
    • Үздік проза;
    • Балаларға арналған үздік шығарма;
    • Үздік комикс;
    • Үздік драма;
    • Үздік деректі проза;
    • Үздік фантастикалық/мифологиялық шығарма.

    Байқауға өтінім қабылдау 2024 жылғы 22 қаңтар мен 22 маусым аралығында өтеді. Әр номинация бойынша оза шапқан туынды авторына "Құлагер" байқауының авторлық мүсіншесі және 2 000 000 теңге беріледі. Байқауға qulager.ultsport.kz сайты арқылы өтініш беріледі.

    Бас жүлде 2 миллион теңге: Ұлттық спорт қауымдастығы байқау жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.