jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина тағы бір халықаралық турнирде бақ сынайды

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: Mark Brake/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтетін WTA 500 турниріне қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Mubadala Abu Dhabi Open турнирінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталмыш турнир 3-11 ақпан аралығында Абу-Дабидегі Zayed Sports City спорт қалашығында өтеді. Бұл жарыста 28 теннисші жекелей сында, ал 16 теннисші жұптық сында бақ сынайды.

    Турнирге қатысатыны расталған спортшылар тізімі:

    • Эмма Радукану (Ұлыбритания);
    • Елена Рыбакина (Қазақстан);
    • Онс Жабер (Тунис);
    • Мария Саккари (Грекия);
    • Барбора Крейчикова (Чехия);
    • Беатрис Хаддад Майя (Бразилия);
    • Елена Остапенко (Латвия);
    • Людмила Самсонова;
    • Дарья Касаткина;
    • Вероника Кудерметова;
    • Кэролайн Гарсия (Франция);
    • Магда Линетт (Польша);
    • Сорана Кырстя (Румыния);
    • Анастасия Потапова;
    • Ангелина Калинина (Украина);
    • Жасмин Паолини (Италия);
    • Эмма Наварро (АҚШ);
    • Леся Цуренко (Украина).

    Осыған дейін Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатына қатысып, турнирдің екінші айналымында жеңіліп қалған еді. Ол әлемнің 57-ракеткасы, Ресей өкілі Анна Блинковаға есе жіберді.

    Жыл басында Елена Рыбакина Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.

    Елена Рыбакина тағы бір халықаралық турнирде бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.