Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әмір Омарханов Australian Open Juniors турнирінің ширек финалына өткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды

Опубликовано:

Әмір Омарханов
Әмір Омарханов. Фото: instagram/ktf_krg_tennis

16 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің ширек финалына өтті. Ол қазақстандық теннисшілер арасында алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 27-орында тұрған Әмір Омарханов Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымында Оңтүстік Корея өкілі Чанджун Кимді ұтты.

Бірінші сет 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілсе, екіншісінде Ким есе қайтарды. Ал шешуші сетте Әмір қарсыласын айқын басымдықпен жеңді – 6:0. Кездесу бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды.

Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, Нидерланд өкілі Мес Ротгерингпен кездеседі.

Осыған дейін Әмір Омарханов Australian Open турнирінің үшінші айналымына өткенін жазғанбыз. Ол екінші айналымда ұлыбританиялық теннисші Виктор Фридрихты ұтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057187-amir-omarxanov-australian-open-juniors-turnirinin-sirek-finalyna-otken-algasqy-qazaqstandyq-tennissi-atandy/

pixel