АҚШ-та қазақстандық теннисші Елена Рыбакинананың құрметіне сәйгүлікті Rybakina деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Equibase сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Equibase ақпараты бойынша, 3 жастағы сәйгүліктің бәйгеге қосылғанына көп болған жоқ. Осы уақытқа дейін екі рет жарыс жолына шыққан. Оның бірінде 3-орын иеленген еді. 2023 жылдан бері жеңген жүлдесі 7,340 АҚШ долларын құрайды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылардың құрметіне жылқыға ат беру бірінші рет емес. Осыған дейін Golovkin атты сәйгүліктің бар екені белгілі болған еді. 5 жастағы жүйріктің жалпы табысы 94,809 АҚШ долларын құрайды. 40 рет бәйгеге қосылған сәйгүлік 4 рет бірінші орын, 6 рет екінші орын иеленсе, 5 рет үшінші орын жеңіп алған.
Еске салайық, әйелдер арасындағы қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина маусымды сәтті бастап, WTA рейтингінің үшінші орнына көтерілген еді. Теннисші Australian Open турнирінің екінші айналымына дейін жетті. 3-11 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтетін WTA 500 турниріне қатысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057414-elena-rybakinanyn-qurmetine-aqs-ta-rybakina-atty-saigulik-bar/