jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Хабиб Нурмагомедов пен қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров жаттығу залында кездесті (фото)

    Нұрлан Сабуров пен Хабиб Нурмагомедов
    Нұрлан Сабуров пен Хабиб Нурмагомедов. Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov

    Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Хабиб Нурмагомедовтің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Хабиб Нурмагомедов Instagram-дағы парақшасына Нұрлан Сабуровпен бірге түскен суреттерін жариялады.

    "Біраз уақыттан кейін алғаш рет үлкен сұхбат бердім. Ұйымдастырушыларға рақмет", — деп жазды Нурмагомедов.

    UFC файтері жариялаған суреттерге сүйенсек, Нұрлан Сабуров Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов атындағы жекпе-жек мектебіне барған.

    Еске салайық, осыған дейін Нұрлан Сабуров ресейлік әншімен жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін жазғанбыз. AMC Fight Nights лигасының президенті Камил Гаджиев қазақстандық стендап-әзілкеш Нұрлан Сабуров пен рэп орындаушы MACAN арасында жекпе-жек ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеген еді.

    Ал Хабиб Нурмагомедов жақында "Манчестер Сити" футбол клубының ойыншысы Эрлинг Холандпен Абу-Даби қаласында кездесті.

    35 жастағы Хабиб Нурмагомедов — жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы. Ол соңғы жекпе-жегін 2020 жылы Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиге қарсы өткізді. Осы кездесуде Хабиб қарсыласын екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Хабиб кәсіби мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген.

    Хабиб Нурмагомедов пен қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров жаттығу залында кездесті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.