jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қарсылас команданың шарфын лақтырып жіберген Роналдудың әрекеті желіде қызу талқыланды (видео)

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

    "Әл-Наср" клубының футболшысы Криштиану Роналду жолдастық матчтан соң, қарсылас команданың атрибутымен сүртініп, жерге лақтыра салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Marca порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 9 ақпанда "Әл-Наср" мен "Әл‑Хилял" командалары жолдастық матч өткізді. Кездесу 2:0 есебімен "Әл‑Хилялдың" пайдасына шешілді. "Әл-Наср" футболшысы Криштиану Роналду бұл матчқа негізгі құрамда шығып, 90 минут бойы ойнады. Десе де 54-минутта сары қағаз алды.

    Ойын аяқталған соң алаңнан шығып бара жатқан Роналдуға қарсылас команданың жанкүйерлері "Әл‑Хилялдың" символы бар шарф лақтырды. Роналду олардың бірін алып, сүртініп, қайта жанкүйерлерге лақтырып жіберді.

    Еске салайық, Криштиану Роналду 5 ақпанда 39 жасқа толды. Ол 2023 жылы 54 гол соғып, үздік сұрмерген атанған еді. Cондай-ақ Роналду кәсіби мансабында 1200-матч өткізіп, әлемдік рекорд орнатты.

    Қарсылас команданың шарфын лақтырып жіберген Роналдудың әрекеті желіде қызу талқыланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.