jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Әлем чемпионы болуыңа тілектеспін": Шавкат Рахмонов Туризм және спорт министрімен кездесті

    Ермек Маржықпаевтың Шавкат Рахмоновпен кездесуі
    Ермек Маржықпаевтың Шавкат Рахмоновпен кездесуі. Фото: instagram.com/ermek_marzhyqpaev

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ермек Маржықпаевтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ермек Маржықпаев қазақстандық файтерді кейінгі жеңісімен құттықтап, тезірек әлем чемпионы болуына тілектестік білдірді.

    "Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым – UFC-де өнер көрсетіп, жасындай жарқырап жүрген даңқты спортшымыз Шавкат Рахмоновпен кездесіп, ең кейінгі жарқын жеңісімен құттықтадым. Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ файтері Стивен Томпсонды жеңген болатын.

    Шавкат – мұхиттың арғы бетінде өткізіп жүрген жекпе-жектері арқылы елімізді бүкіл әлемге танытып жүрген батырымыз. Шавкатқа алдағы уақытта жеңісті жолын сәтті жалғап, тезірек әлем чемпионы болуына тілектеспін", – деп жазды Ермек Маржықпаев Instagram желісіндегі парақшасында.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов америкалық файтер Колби Ковингтонмен жұдырықтасуы мүмкін екенін жазғанбыз. Қазір Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ бойынша рейтингінде 3-орында, ал Колби Ковингтон 5-орында тұр.

    "Әлем чемпионы болуыңа тілектеспін": Шавкат Рахмонов Туризм және спорт министрімен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.