jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина халықаралық турнирдің финалында жеңіліп қалды

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада (Катар) өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Елена Рыбакина финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездесті. Бірінші сет 7:6 есебімен польшалық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші сетте де Еленаның қарсыласы дес бермеді – 6:2.

    Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Елена Рыбакина жарыстың финалисі ретінде 650 рейтингтік ұпай мен 308 320 АҚШ долларын иеленеді. Ал турнирдің жеңімпазы Ига Швентек 1000 рейтингтік ұпай мен 523 485 АҚШ долларын еншілейді.

    Енді қазақстандық теннисші 18 ақпанда Дубайда (БАӘ) басталатын жарыста бақ сынамақ.

    Еске салайық, Елена Рыбакина қаңтар айында Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде жеңіске жетті. Кейін ол Абу-Дабиде (БАӘ) өткен WTA 500 санатындағы тағы бір жарыста топ жарған еді. Қазір Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде 4-орында тұр.

    Елена Рыбакина халықаралық турнирдің финалында жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.