jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ресейлік рэп-орындаушы Нұрлан Сабуровпен жекпе-жекке шығудан бас тартты

    Macan
    Macan. Фото: instagram.com/1macan

    Танымал ресейлік рэп-орындаушы Macan қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровпен жекпе-жекке шығудан бас тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Вписка Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    AMC Fight Nights лигасының президенті Камил Гаджиев стендап-әзілкеш Нұрлан Сабуров пен рэп-орындаушы Macan арасында жекпе-жек ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеген еді. Бірақ Macan бұл кездесуге шыққысы келмейтінін айтты.

    "Оның салмағы менен 20 келіге ауыр және ол мүлде басқа деңгейдегі спортшы. Нұрлан маған қарағанда жақсы жұдырықтасатын сияқты. Бірақ бұл жерде маңыздысы салмақ. Біз мықты қарсыластарға дайынбыз. Десе де мен отандастарыммен төбелесуге дайын емеспін. Неге екенін білесің ғой [ол қазақстандық болса да]. Қандай да бір америкалық па, әйтеуір батыстан бір қарсылас керек. Сонда жекпе-жек шынайы болады", – деді Macan.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі UFC-мен келісімшарт жасасқан қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның кәсіпқой мансабындағы үздік топ-5 нокаутын ұсынады.

    Ресейлік рэп-орындаушы Нұрлан Сабуровпен жекпе-жекке шығудан бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.