jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Әзірге техникам әлсіз": Шавкат Рахмонов көкпар тартуды үйренуде (видео)

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов көкпар тартуды үйреніп жүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шавкат Рахмоновтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық файтер Instagram-дағы Stories-ке көкпар ойынын үйреніп жатқан видеосын жариялады. Видеодан Шавкат Рахмонов ат үстінде отырып жердегі серкенің муляжын көтергенін көруге болады.

    "Әзірге техникам әлсіз", – деп жазды қазақстандық аралас жекпе-жек шебері.

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов жердегі малдың муляжын көтеріп жатыр. Скриншот: instagram.com/stories/shavkatrakhmonov94

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов сәуірде өтетін UFC 300 турниріне қатысудан бас тартқаны айтылған еді. Кейін қазақстандық файтердің менеджері Саят Абдрахманов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Менеджердің айтуынша, жекпе-жек туралы ұсыныс түспеген.

    Сондай-ақ Шавкат қандай жағдайда спортты тастап кететінін мәлімдеді.

    Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегінде Стивен Томпсонды екінші раундтың соңына қарай тұншықтыру әдісімен жеңген еді. Бұл кездесу өткен жылы 17 желтоқсанда UFC 296 турнирі аясында Лас-Вегас (АҚШ) қаласында болды.

    "Әзірге техникам әлсіз": Шавкат Рахмонов көкпар тартуды үйренуде (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.