jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Денсаулығы сыр берген Елена Рыбакина Дубайдағы турнирге қатыспайтын болды

    Теннисші Рыбакина
    Теннисші Рыбакина. Фото: Minas Panagiotakis/Getty Images

    Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолы ауруына байланысты Дубайдағы турнирді жалғастыра алмайтын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Елена Рыбакина жарақатына байланысты Dubai Duty Free Tennis Championships WTA 1000 турнирінің ширек финалында ойнаудан бас тартты. Осылайша жартылай финалға италиялық Ясмин Паолини жартылай финалға жолдама алды.

    "Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады.

    Елена Рыбакина екі аптада жазылады деген ойдамыз. Бірақ ол үшін биыл ең басты жарыс – Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары", – деді теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев.

    Еске салайық, Елена Рыбакина Дохада (Катар) өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліс тапқан еді. Финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездесті. Бірінші сет 7:6 есебімен польшалық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші сетте де Еленаның қарсыласы дес бермеді – 6:2.

    Денсаулығы сыр берген Елена Рыбакина Дубайдағы турнирге қатыспайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.