jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Drake және Pitbull: Лионель Месси матч алдында тыңдайтын плейлистін жариялады

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: instagram.com/leomessi

    Аргентиналық футболшы Лионель Месси матч алдында тыңдайтын әндердің тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Apple Music музыкалық сервисінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мессидің музыкалық плейлисті 60 әннен тұрады. Оның ішінде аргентиналық кумбия, поп-музыка, r'n'b және рок жанрындағы композициялар бар. Футболшының айтуынша, музыка оған ақыл-ойды тыныштандыруға және өзін-өзі ұстауға көмектеседі.

    "Музыка менің өмірімде, әсіресе, матч күндері маңызды рөл атқарады", – деді Месси Apple Music-ке берген сұхбатында.

    Месси тыңдайтын әндердің тізімі
    Месси тыңдайтын әндердің тізімі. Фото: twitter.com/brfootball

    Лионель Месси өткен жылы маусым айында америкалық "Интер Майами" футбол клубына ауысқан еді. Аргентиналық футболшының бұл командамен келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, Мессидің трансферлік нарықтағы құны – 35 миллион еуро.

    Еске салайық, "Барселона" футбол клубының ойыншысы Роберт Левандовский Лионель Мессидің рекордын жаңартқанын жазғанбыз.

    Drake және Pitbull: Лионель Месси матч алдында тыңдайтын плейлистін жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.