Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата қонысыма көшіп келдім": Дамир Исмагулов неге Қазақстан атынан шығатынын айтты

Опубликовано:

Дамир Исмагулов
Дамир Исмагулов. Фото: instagram.com/ismagulov_damir

Тегі қазақ ресейлік аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмагулов Эдуард Вартанянға қарсы жекпе-жекте неге Қазақстан туымен және ұлттық киіммен шыққанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ушатайка" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мені октагонға шақырғанда Орынбор, Ресей және Алматы, Қазақстан өкілі деп айтты. Өйткені мен Орынбор облысында дүниеге келдім және ол жақта ата-анам тұрады. Ал өзім Қазақстанға көштім. Бұл менің де елім деп санаймын. Мен Қазақстанда тұрып жатырмын және бұл жақ маған жайлы. Сондықтан мен Қазақстан атынан шығамын шештім", – деді Исмагулов.

Ресейлік файтер Макс Дивнич Дамир Исмагуловтың Қазақстан атынан жекпе-жекке шыққанын сынаған еді. Исмагулов бұл сынға да жауап берді.

"Дивничке не айту керек? Білмеймін. Мен Қазақстанға көштім. Мен сонда тұрамын, маған ол жақ жайлы. Мен Тайландқа көшсем, Таиландтың атынан шығар едім (күліп). Иә, келісемін. Мен Ресейде дүниеге келдім, Ресейде тұрдым, ата-анам сонда тұрады және ол менің Отаным. Бірақ қазір мен өзімді жайлы сезінетін, маған ұнайтын ата қонысыма көшіп кеттім. Мен бұдан асыра сілтейтін ештеңе көріп тұрған жоқпын. Мен Ресейге келгенде де өзімді үйдегідей сезінемін. Дивничтің айтқаны – өзінің шаруасы. Ол мені сатқын деп санай ма? Жоқ, мен Орынбор облысында, Первомай ауданы, Ударное ауылында дүниеге келдім. Менің туыстарым сол жерде жерленген. Мен ол жақта тұратын ата-анама, әжеме, атама барып тұрамын, оған ешкім тыйым сала алмайды. Дивнич телеграм арнасында әр нәрсені қазбалай бергенше пайдалы нәрсе жасасын. Әлде ол маған қарағанда патриот екенін айтқысы келе ме? Жоқ, мен Ресейді жақсы көремін, бірақ қазір мен Қазақстанда тұрамын және Қазақстанды да жақсы көремін", – деді Дамир Исмагулов.

Еске салайық, Дамир Исмагулов "Наше дело 82" турнирінде ресейлік файтер Эдуард Вартанянмен жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2068353-ata-qonysyma-kosip-keldim-damir-ismagulov-nege-qazaqstan-atynan-sygatynyn-aitty/

pixel