Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңілісі туралы ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Сендер әбден шаршаттыңдар ғой. Жеңе алмасаңдар, онда жеңісті сатып алыңдар немесе барлық ойыншыны қақпаға қойыңдар. Мүмкін сол кезде жеңілмейтін шығарсыңдар", – деп жазды Қуат Хамитов Instagram желісінде.
Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургке қарсы жолдастық кездесуде 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Осыған дейін екі құрама да Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өткен ойында ұтылып, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылған еді. Люксембург командасы Грузияға 2:0 есебімен есе жіберсе, Қазақстан құрамасы Грекиядан 5:0 есебімен жеңілген болатын. Қуат Хамитов Грекия – Қазақстан ойынынан соң Instagram-дағы парақшасында жазба жариялаған еді.
Айта кетейік, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын барлық команда белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2073924-barlyq-oiynsyny-qaqpaga-qoiyndar-quat-xamitov-futboldan-qazaqstan-quramasyna-kenes-berdi/