Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қабирхан да қатысады: қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі шабандоз әлем кубогінде бақ сынайды

Опубликовано:

Бауыржан Мырзабаев
Бауыржан Мырзабаев. Фото: instagram.com/bauyrzhanmurzabayev

Қазақстандық шабандоз Бауыржан Мырзабаев 30 наурызда Dubai World Cup 2024 жарысында бақ сынайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық спорт қауымдастығының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Dubai World Cup сайысында Бауыржан Мырзабаев Dura Erede атты сәйгүлікті тізгіндемек. Бұл жарысқа қазақстандық тұлпар Қабирхан да қатысады. Ол ирландиялық жокей Пэт Доббспен бірге сынға түседі. Турнир 30 наурызда cағат 16:00-де "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Бауыржан Мырзабаев – қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей. Ол Чехиядағы шабандоздар мектебінде оқыған. Чехияның 3 дүркін, Германияның 4 дүркін чемпионы. Жылына кем дегенде 500 бәйгеге қатысатын қазақстандық шабандоз Қабирханмен халықаралық жарыста бақ сынауға қарсы емес екенін айтқан еді.

Еске салайық, Қабирханның жаттықтырушысы Даг Уотсон мен аттың иесі Тілек Мұханбетқалиев 2 наурызда өтетін G2 Maktoum Classic жарысына қатысудан бас тартып, 30 наурызда өтетін Әлем кубогіне дайындалуды шешкен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2074896-qazaqtan-syqqan-tungys-xalyqaralyq-darezedegi-sabandoz-dubaidagy-alem-kubogine-qatysady/

pixel