jitsu gif
Спорт

    Жақында әлем кубогына қатысқан сәйгүлік Қабирханның бабы белгілі болды (видео)

    Қабирхан
    Қабирхан. Фото: instagram.com/kabirkhan_qazaqstan

    30 наурызда Дубайдағы әлем кубогына қатысқан қазақстандық сәйгүлік Қабирханның бабы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Dubai World Cup 2024 жарысында Қабирхан ирландиялық жокей Патрик Доббспен бірге алтыншы нөмірде жарыс жолына шыққан еді. Қазақстандық сәйгүлік 2000 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта бағындырып, мәре сызығын сегізінші болып кесті. Ал Лаурель Ривер атты тұлпар бірінші болып келді.

    Осы бәйгеден кейін Қабирханға арналған Instagram парақшада сәйгүліктің қазіргі жағдайы туралы жазба жарияланды.

    "Бұл бейнебаяндар DWC (Dubai World Cup) өткен күннің ертеңінде түсірілген. Ең бастысы, Қабирхан бабында", – делінген жазбада.

    Айта кетейік, Қабирхан 12 қаңтарда Дубайдағы "Мейдан" ипподромында өткен бәйгеде жеңіске жеткен еді. Кейін ол 26 қаңтарда Дубайдағы Al Maktoum Challenge (1-топ) жарысында жеңімпаз атанып, 1 миллион доллар иеленді.

    Жақында әлем кубогына қатысқан сәйгүлік Қабирханның бабы белгілі болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.