Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назым Қызайбай көшедегі ер адамды соққысының күшімен таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Назым Қызайбай Азия ойындарында
Назым Қызайбай. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай көшедегі ер адамды соққысының күшімен таңғалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Назым Қызайбайдың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайдың көшеде кездейсоқ кездескен ер адамды ауыр соққысымен таңғалдырған видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Соққының салмағын өлшейтін құралдың жанында тұрған Назымға егде жастағы ер адам қалай дұрыс ұру керектігін үйретпек болады. Оның боксшыны танымай тұрғаны анық байқалады. Назым болса құралды ауыр соққымен ұрғанда, ер адам таңғалды.

"Мен мұндай әйелді қаламаймын. Жағымды сындырып жібересің ғой", – деп әзілдеді ол.

Айта кетейік, Назым Қызайбай Астанада өткен спаррингтің 50 кг салмақ дәрежесіндегі финалында Алуа Балқыбекованы жеңген еді. Осылайша, Париж Олимпадасының жолдамасы сарапқа салынатын лицензиялық турнирге баратын болды. Бұл турнир 23 мамыр мен 5 маусым аралығында Бангкокта (Таиланд) өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2085485-mundai-aiel-algym-kelmeidi-nazym-qyzaibai-kosedegi-er-adamdy-soqqysynyn-kusimen-tangaldyrdy/

pixel