jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында екінші рет алтын медаль жеңіп алды

    Эльжана Таниева
    Эльжана Таниева. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында шеңбер арқылы жаттығу бойынша алтын медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Эльжана Таниева финалда 33.90 ұпай жинап, бірінші орын алды. Екінші орынға Жапония өкілі Рейна Мацусака (33.30 ұпай) жайғасса, тағы бір қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы үздік үштікті түйіндеді (33.25 ұпай).

    Кеше, 3 мамырда Эльжана Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап, Азия чемпионы атанған еді. Осылайша, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

    Еске салайық, спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасының лицензиясын иеленді.

    Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында екінші рет алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.