Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсінбей жатырмын": дзюдошы сұрақты қазақша қоюды сұрады (видео)

Опубликовано:

Бақытжан Әбдурахманов
Бақытжан Әбдурахманов. Фото: instagram.com/kaz_judoteam

Дзюдошы Бақытжан Әбдурахманов журналистерге сұхбат беру барысында сұрақты қазақша қоюды өтінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бақытжан Әбдурахманов Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде 73 кг салмақта белдесіп, қола жүлде еншілеген еді. Ол үшінші орынға таласта ирландиядық Джошуа Гринді "ваззари" ұпайымен жеңді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің жүлдесіне ие болды.

Әбдурахманов осы жеңісінен кейін журналистерге сұхбат берді. Әлеуметтік желіде тараған видеоға сүйенсек, журналистердің бірі дзюдошыға орысша сұрақ қойған. Ал Бақытжан "қазақша айтасыз ба, түсінбей жатырмын" деді. Кейін орысша сұрақты сол маңайдағы адам қазақшаға аударып берген.

Айта кетейік, Астанада өткен Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошылар 4 медаль жеңіп алды. 48 кг салмақта бақ сынаған Ғалия Тынбаева алтын жүлде иеленсе, Елдос Сметов (60 кг), Бақытжан Әбдурахманов (73 кг) және Абылайхан Жұбаназар (81 кг) қола жүлде еншіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2099486-tusinbei-zhatyrmyn-dziudoshy-suraqty-qazaqsha-qoiudy-surady-video/