Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
81 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Абылайхан Жұбаназар қола жүлдеге таласта швейцариялық Аурелион Бонферрониден "иппон" ұпайымен басым түсті. Осылайша, Абылайхан әлемдік Grand Slam турниріндегі төртінші медаліне қол жеткізді.
Еске салайық, 48 кг салмақта бақ сынаған Ғалия Тынбаева алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ Елдос Сметов (60 кг) пен Бақытжан Әбдурахманов (73 кг) қола жүлде еншіледі.
Айта кетейік, Астанадағы Grand Slam турнирі – Париж Олимпиадасына ұпай беретін соңғы рейтингілік жарыс. Бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, ал үшінші орынға – 500 ұпай беріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2098859-astanadagy-grand-slam-turnirinde-qazaqstan-qorzhynyna-ushinshi-qola-zhulde-tusti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.