Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманым орындалды": Килиан Мбаппе "Реал Мадрид" жанкүйерлеріне сәлем жолдады (фото)

Опубликовано:

Мбаппенің бала кезі
Мбаппенің бала кезі. Фото: instagram/k.mbappe

"Реал Мадрид" футбол клубының жаңа ойыншысы Килиан Мбаппе команданың жанкүйерлеріне сәлем жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мбаппенің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Франциялық футболшы Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық "Реал Мадрид" командасының ойыншысы атанды. 25 жастағы футболшы мадридтік командамен 5 жылға келісімшартқа отырды.

Килиан Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа келісімшарты туралы пікірін айтты.

"Арманым орындалды. Арманымдағы клубтың сапына қосылғаныма қуаныштымын. Қазір қалай қобалжып тұрғанымды ешкім түсіне алмайтын шығар. Мадридтіктер, сіздермен кездесуді асыға күтемін және қолдауларыңа алғыс айтамын. Алға, Мадрид", - деп жазды Мбаппе.

"ПСЖ"-дағы 7 жыл ішінде Мбаппе Франция чемпионатын 6 рет жеңіп алды, 4 рет Франция кубогының, 3 рет ел Суперкубогының, 2 рет Франция лигасы кубогының жеңімпазы болды. Франция құрамасымен бірге Мбаппе 2018 жылы әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2111676-armanym-oryndaldy-kilian-mbappe-real-madrid-zhankuierlerine-salem-zholdady-foto/